free website maker

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

- Ғылыми- әдістемелік жұмыс жетістік пен тәжірибеге негізделген. Ол оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін, мұғалімнің кәсіби біліктілігін, шығармашылық шеберлігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйесі болып табылады.

- Оның мақсаты педагогтардың кәсіби және шығармашылық деңгейін арттыру арқылы заманауи білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан бізде оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу үшін 7 пәндік-циклдік комиссия құрылып, әрқайсысы өзіне тиесілі бағытпен жұмыс істеп келеді. Олар: «Тілдер», « Қоғамдық пәндер», «Жалпы білім беру», «Жалпы кәсіптік білім беру», «Хирургиялық аурулар», «Мейірбике ісі», «Ішкі аурулар» деп аталады. Әрбір комиссияда бірнеше пәндер топтамасы біріктірілген. Пәндік-циклдік комиссияның атқаратын жұмысы-әрбір оқытушының педагогикалық білімі және сол пәнді оқыту әдістемесін толық игеруіне қол жеткізу.  

- Барлық 7 пәндік цикл да осы бағытта жұмыс жасайды. Биылғы біздің жалпы тақырыбымыз: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» болатын болса, осы тақырыпты түгел жоспарлап, жүзеге асыру бағытында жан-жақты жұмыс жасалуда. Оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлері көп. Мысалы, пәндік декадалар, ашық сабақтар, байқаулар, конкурстар, түрлі тақырыптағы дебаттар мен дөңгелек үстел, интелектуалды отау клубы арқылы жүргізіледі, ал ғылыми ізденіс жұмыстары олимпияда мектебі, ғылыми- ізденіс қоғамдары арқылы жүзеге асады.


Мекен жайымыз:

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабы Ә. Темір көшесі, уч.204

Шымкент қаласы,
Төлебі көшесі №21

Байланыс

Email: kolledj_sayram@mail.ru
@kolledj_sayram
Сайрам тұрғын алабында:
Тел:
8 (707) 634 55 00
8 (702) 786 39 20
8 (702) 289 30 66
8 (747) 157 90 50
8 (708) 825 70 80
8 (702) 083 84 85 

Шымкент қаласында:
Тел:
8 (701) 476 78 76
8 (707) 576 78 76
8 (702) 801 19 00
8 (747) 501 19 00
8 (707) 507 14 31