Мамандықтар

  1. 09120100  — «Емдеу ісі»   Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»
  2. 09130100  — «Мейіргер ісі»   Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»
  3. 09160100 — «Фармация»   Біліктілігі:4S09160101 – «Фармацевт»
  4. 09110200  — «Стоматология»   Біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист»
  5. 09140100  — «Лабораториялық диагностика »   Біліктілігі: 4S09140101 – «Медициналық зертханашы»

Емдеу ісі  мамандығы

 Жедел аурулар мен апатты жағдайлар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Учаске халқын дербес есепке алады, учаскедегі өз жұмысын жоспарлайды. Науқастарды маман дәрігерлерге көрінуге және кеңес алуға дайындайды. Амбулаторлық қабылдауды жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Аурудың диагностикасын, емін, профилактикасын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, дәрігерге манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Геморрагиялық синдромды зерттеу әдістерін, бактериологиялық және серологиялық зерттеу техникаларын пайдалана отырып, қанның, асқазан ішіндегісінің, жұлын-ми сұйығының биологиялық материалдарын микроскопиялық және макроскопиялық химиялық зерттеуді және жинауды, бөліндіні зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді. Зертханалық жабдық жағдайының дұрыстығын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

 Мейіргер ісі  мамандығы

     Кеңейтілген практика мейіргерінің не болмаса дәрігердің сырттай бақылауымен амбулаториялық қабылдауды жүргізеді және мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, науқастың мейіргерлік көмекке (мейіргерлік диагноз) мұқтаждығын бағалайды, тексеру, емдеу, науқасты күту жоспарын құрады, емдеу жағдайының және тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамика деректерін ауру тарихына тіркейді, пациенттерді күнделікті қарауды жүргізеді, науқастардың жағдайын бақылайды және деректерді кеңейтілген практика мейіргеріне және/немесе дәрігерге тапсырады. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне науқастарды диспансерлеуді және үйде бақылауды ұйымдастыруға байланысты мәселелерде көмектеседі, өз құзыреті шегінде науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшедегі дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Дәрігерге диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Қарапайым физиотерапиялық процедураларды орындайды. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтына қатысты мәселелерде көмектеседі, науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, техникасын және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды.»;

 Фармация мамандығы

       Рецепттерді қабылдауды, емдеу-профилактикалық ұйым талаптарын, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, санитариялық және гигиеналық босатуды жүзеге асырады. Дәріні жеке рецепт бойынша дәріхана жағдайында дайындайды, олардың сапасын дәріханаішілік бақылауды жүзеге асырады. Реактивтерді, титрлік ерітінділерді дайындайды, зертханаларда өлшеу құралдарымен және құрылғыларымен жұмыс істейді. Дәрілік нысандарға экспресс-талдау, дәрілік өсімдік шикізаттарына макроскопиялық және микроскопиялық, тауартанушылық талдау жүргізеді. Науқастарға және қысылтаяң жағдайларда зақымданғандарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сақтауды және жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді. Қажетті жабдықты қолдана отырып, тауарларды қабылдауға, орналастыруға және қаптауға қатысады. Медициналық бұйымдарды қолдану мәселесі бойынша санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстарды жүргізеді. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

 

Лабораториялық диагностика мамандығы

         Зертханалық зерттеулерді дәрігердің басшылығымен жүргізеді және өзі оларды жүргізу үшін зертханалық құралды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік орталарды, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді дайындайды. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдарды қабылдайды және тіркейді, оның қорабының және мерзімінің қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалдың жарамдылығын, ілеспе құжатының дұрыс рәсімделуін тексереді. Құралдарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояйтын және зарарсыздандыратын ертіндінділерді градустауға арналған стандартты және жұмыс ертінділерін дайындайды. Зертханалық аспап пен ыдыстарды стерилдейді. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Жүргізілетін зерттеуге байланысты әртүрлі есептеу және кестелік жұмыстарды орындайды. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

 

 

Стоматология  мамандығы

Атқаратын лауазым бейініне сәйкес тіс, ауыз қуысы және жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады. Tic аурулары мен зақымдануларының профилактика, балалар мен ересектер ауыз қуысы санациясы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қажетті есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

 

Пролистать наверх