Материалдық-техникалық база

«Сайрам» колледжі ауданы 4659,8 м2  құрайтын екі оқу ғимаратынан тұрады.  Ғимараттар автоматты өртке қарсы дабыл қаққыштармен жабдықталған. Мемлекеттік лицензия  17-ГСЛ №001731 берілген, мерзімі 08.10.2010ж. Алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен ереже талаптарына сай қамтылған. Өрт техникалық тексеру жоспар бойынша жылына екі рет тексерілуде. Колледждің оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын  жалпы 27 бөлмелер мен кабинеттер, аудиториялар жұмыс атқарады. Оның ішінде  27 оқу бөлмелері, екі компьютер сыныбы,  тест орталығы, екі медициналық бекет, екі кітапхана және екі оқу залы, әдістемелік бөлме, спорт залы және спорт алаңдары, зертхана, бір  асхана, симуляциондық кабинет бар. Оқу бөлмелері жақсы жабдықталған, жаңа жиһаздармен, оқу-әдістемелік құралдармен, оқулықтармен толықтырылды.  Барлық оқу бөлмелері жылдың басында ағымды жөндеуден өткізілінді. Арнайы пән  бөлмелерінің  жұмысы  білім  алушылардың кәсіби қызметін қалыптастыруға, тәжірибелік дағдылар мен біліктіліктерін арттыруға бағытталған қазіргі заманауи медициналық  құрал-саймандармен  (мысалы, жүрек-өкпе реанимациясына арналған фантом, көктамырға және теріге инъекция жасау дағдыларын жаттықтыруға арналған қол,  нәрестені  босандыру имитаторы, хирургиялық құрал-саймандар, балалар хирургиясында қолданылатын құрал-саймандар, хирургиялық акушерлікте қолданылатын құрал-саймандар стендтері, арнайы пәндерге арналған көрнекі құралдар және т.б.) толықтырылды. 
Оқу бөлмелері өз жұмысын директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары бекіткен кестеге сәйкес жүргізеді. Бөлмелердің жабдықтау төлқұжаттары, кабинет жоспары, инвентарлық журналы, техника қауіпсіздік журналдары енгізілген және жоспарға сәйкес жүргізіледі. Оқу кабинеттерінің санитарлы-гигиеналық жағдайы талаптарға сәйкес жабдықталған және күнделікті қадағаланды.

Пролистать наверх