Колледж тарихы

«Сайрам колледжі» жеке мекемесі 2007 жылдың  тамыз  айының 23 жұлдызында,  «Білім беру департаментінің № 0038304 сериялы АБ  Мемлекеттік лицензиясының негізінде медициналық 3 мамандыққа рұқсаты бойынша   ашылды.

— 2014 жылы 20 тамызда «Фармация» мамандығы, 0306013 «Фармацевт» біліктілігі бойынша лицензияға қосымша алды.

— 2017жылы мамыр айының 19 жұлдызында 0305000 «Зертханалық диагностика» мамандығы, 0305013 «Медициналық зертханашы» біліктілігі және 0304000 «Стоматология» мамандығы, 0304023 «Дантист» біліктілігі бойынша лицензияға қосымша алды.

— Заңды мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Ә. Темір көш.204 уч..

тел. Факс: 8 (7272) 26-10-37

e-mail: kolledj_sayram@mail.ru

колледж веб-сайты: http://sayramcollege.kz/

Колледждің жалпы ауданы 4659,8 м2 болатын жертөлесі бар төрт қабатты ғимарат, онда колледждің барлық құрылымдық бөлімшелері, жабық спорт залы, (футбол, баскетбол, волейбол), сонымен қатар алғашқы әскери дайындық сабақтарын өткізуге арналған алаңы бар. 2011 және 2016 жылдары мемлекеттік аттестациядан өтті. 2021 жылы мамандандырылған және институтционалдық аккредитациядан сәтті өтті.  

Колледж қызметі құрылтайшылар  құжаттары негізінде жүзеге асырылады:

1.«Сайрам колледжі» жеке мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 07 шілде № 333-1958-11 У-е тіркелді, 061140004415 бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілді.

  1. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агеттігі статистикалық карточка КҰЖК мемлекеттік классификаторы бойынша коды: 40928947 25.01.2007 жылы берілді.

 

Колледж білім беру қызметін келесі негіздерде жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2007 жылғы 23тамыздағы № 0038304 мемлекеттік лицензия келесі мамандықтарға жарамдылық мерзімін шектеусіз:
  1. 09120100  — «Емдеу ісі»   Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»
  2. 09130100  — «Мейіргер ісі»   Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»
  3. 09160100 — «Фармация»   Біліктілігі:4S09160101 – «Фармацевт»
  4. 09110200  — «Стоматология»   Біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист»
  5. 09140100  — «Лабораториялық диагностика »   Біліктілігі: 4S09140101 – «Медициналық зертханашы»

2014 жылдан бастап колледжді дәрігер Баймагамбетова Гульсим Садықовна басқарады. Бүгінгі таңда жеке мекеме «Сайрам» колледжі инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын, қолданыстағы, болашағы бар мемлекеттік талаптарға сәйкес медицина саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың және колледж арасындағы әлеуметтік серіктестіктің тиімді моделін жүзеге асырудың жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынатын тиімді басқару жүйесіне ие қоғам, ел тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау жүйесі.

Пролистать наверх