Симуляциялық орталық

Симуляциялық орталық 2014жылдың қаңтарында 27.07.2007 жылғы ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Президентінің 29.11.10 жылғы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығына, ҚР Үкіметінің 11.02.2011 жылғы №130 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы білім саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына » және Сайрам колледжінің кешенді бағдарламасына сәйкес құрылған. Симуляциялық орталық Сайрам колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Симуляциялық орталық студенттердің практикалықкәсіби дағдыларын колледждің іске асырып отырған орта кәсіби мамандықтар бойынша бекітілген жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес тренажерларда, муляждарда, фантомдарда, манекендерде қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Симуляциялық орталық Сайрам колледжінің 2 қабатында орналасқан.

 

Орталық құрамына мейірбилекелік манипуляциялардың, терапияның, педиатрияның, хирургияның, акушерлік және гинекологияның оқу кабинеттері енеді.

Орталық жергілікті компьютерлік желімен және оқу мониторингі жүйесімен жабдықталған, оның арқасында оқу үрдісі мен практикалық дағдыларды шыңдау барысы түгелімен оқу кабинеттерінде орнатылған бейнекамераларға жазылып симуляциялық жаттығуларды орындау барысында оқушылардың игерген тәжірибесі талдауға түсетін дебрифинг залында көрсетіледі.

Симуляциялық орталық заманауи механикалық тренажерлармен, муляждармен, фантомдармен, манекендермен, сонымен қатар науқастың симулятор-роботтармен жабдықталған, осының арқасында науқаспен жұмыс жүргізудің практикалық икемдерін шыңдап, болашақ маманның клинакалық ойлау қабілетін пысықтауға мүмкіндік бар.

Сайрам колледжінің симуляциялық орталығындағы оқу үрдісі толығымен симуляциялық оқыту ерекшеліктері бойынша арнайы нұсқамадан өткен сәйкес клиникалық пәндер оқытушылармен, орталық қызметкерлерінің тікелей қатысымен іске асырылады.

 

Оқу-өндірістік жұмысы

ОҚО ДСБ «Сайрам колледжі» МКК студенттерінің оқу тәжірибе, оқу-өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өту үшін ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 08.02.2017 жылғы №70 н/к бекіткен бұйырығына сәйкес төмендегі медициналық ұйымдар клиникалық база болып табылады.

 

 

 

 

 

Пролистать наверх