Біздің жетістіктер

Білім алушылардың жетістіктері

Жыл сайын студенттер қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадалар мен конкурстарға, фестивальдарға қатысады, ғылыми жетістіктері мен мақалалары үшін дипломдар мен грамоталар алып отырады. 2019-2020 оқу жылында төменде аталған колледж студенттері:Бекенбай Н.Т .— «Кіші академия» ғылыми шығармашылық байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. Мелдебек О. — » Мұқағали-мәңгілік ән! «Туған күнінің 20 жылдығына арналған Бүкіл ресейлік байқауға қатысып, дипломмен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында Worldskills SHYMKENT-2020 аймақтық чемпионатына белсенді қатысып және кәсіпқойлықтың жарқын көрінісі үшін колледж студенті П.Нұржауова Шымкент қаласы білім басқармасының алғыс хатымен және мүсіншесімен марапатталды. «Сайрам» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының студенті Сатимов Зикрилло Миркаримович — «Ұстаз тілегі» ғылыми — әдістемелік орталығы ұйымдастырған биология пәні бойынша 2021 жылғы Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып, I және II дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2021-2022 оқу жылында vpo.kz колледж студенттері Қазақстан тарихы, биология, физика, қазақ тілі бойынша Республикалық виртуалды олимпиадаға қатысып, I-II-III орындарды иеленді. Н.Равшанбекова—Шымкент қаласында өтілген, колледж студенттері арасында «Абай оқулары» байқауына қатысып марапатталды. «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері Худайбергенова Ұлжан Бахтибек қызы және Мавланова Сурайе Шухратовна, Шымкент қаласының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Президент медалі» жобасына қатысты. 2022 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қабланбек Ермадияр, «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ұйымдастырған, «Шұғыл көмек» атты Халықаралық студенттер арасындағы олимпиадаға қатысып сертификатпен марапатталды

Пролистать наверх